Қылмыс

Тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген: Алматыда бойжеткеннің денесі табылды

  • Тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген: Алматыда бойжеткеннің денесі табылды

    Тұншықтырып өлтіріп, артынша өртеп жіберген: Алматыда бойжеткеннің денесі табылды

Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, артынша өртеп жіберген деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде "Латифа" тұрғын үй кешенінде қызды тұншықтырып, одан соң өртеп жібергені туралы ақпарат тарады. 

 
"Алматыда Достық, 138 мекенжайында орналасқан "Латифа" тұрғын үй кешенінде бір қыз өлтірілді. Алдымен тұншықтырып, кейін өртеп жіберген. Учаскелік полицияға бұған дейін тәулікке берілетін пәтерлерде притон бар екенін бірнеше рет айттық. Бірақ олар тұрғындардың сөзін елемеді. Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр", - делінген желідегі жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті кісі өлімін растады. Аталған дерек қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни "Қасақана адам өлтіру" фактісімен іс қозғалған.

“Іс Медеу ауданы полиция бөлімінде қаралып жатыр. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр", - деп мәлімдеді полиция.




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 11:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31