Қылмыс

Тұрғындар кolesa.kz сайтындағы жалған хабарландыруларға алдануда

  • https://cars.ua

    https://cars.ua

Интернет-сайтқа жалған хабарландыру орналастырып, екі азаматтың 8 млн теңгесін иемденген алаяқ сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.


Сот ақпаратына сәйкес, азамат Д. 2018 жылы кolesa.kz интернет-сайты арқылы нарықтағыдан арзан бағамен премиум-санаттағы көліктерді сататыны туралы хабарландыру орналастырған. Сөйтіп, биыл сәуір айында 2012 жылы шыққан «Toyota Land Cruiser» көлігін 8 млн теңгеге сатып алғысы келген елорда тұрғынын алдап соққан. Ол іс жүзінде жоқ автомобильді мемлекеттік мекемеден сатып алу қажеттігін айтып, одан 4 млн теңге алған.


Сондай-ақ биылғы маусым айында сайттағы хабарландыру бойынша 2014 жылы шыққан «Nissan Patrol»-ды 7,5 млн теңгеге сатып алмақ болған тағы бір азаматты сан соқтырған. Оның 4 млн теңгесін иемденіп, өз міндеттемелерін орындамаған.


«Нұр-Сұлтан қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен азамат Д. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ соттың осы үкімімен зардап шеккендердің әрқайсысының пайдасына 4 млн теңге өндіріп алынды. Үкім заңды күшіне енді», - деді соттан.


 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 10:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31