Қылмыс

Түркістан облысында 11 несие алушыны алдаған банк қызметкері сотталды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Түркістан облысында 11 несие алушыны алдаған банк қызметкері үш жыл үш айға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түлкібас аудандық полиция бөліміне бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандарын жеткізді. Олар өзінің арызында банктен несие алып, сол несиелерін бірнеше жылдан кейін өтеп болған сәтте қайтадан қарыз болып шыққанын айтқан.

 

Аталған жайтты полиция қызметкерлері бірден ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Осылайша арыздарды тіркеген полицейлер алаяқты ұстау ісіне кіріседі.

 

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғынын және бұрынғы банк қызметкерін ұстайды. Жедел шараларды атқарған полиция қызметкерлері қылмыстық істі толығымен ашып, кінәліні құрықтау үшін екі ай бойы іс-шараларды жоғары деңгейде атқарады.

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Түлкібас АПБ-нің тергеушісі күдіктінің 2018-2019 жылдар аралығында аудандағы белгілі бір банктың филиалында менеджер болып қызмет атқарып, несие алуға келген тұрғындарға несие рәсімдеу кезінде алаяқтық жасағанын анықтады.

 

Яғни күдікті жігіт заң аясында несие алу үшін түзілетін бір келісімшарттың орнына екеуін қолдан жасап, бірінде тұрғынға арналған соманы, ал екіншісінде тұрғынның алатын несиесінің үстінен өзіне керекті қаржыны қосып көрсетіп, өзінің айласын іске асырған.

 

Бұл жайтты тұрғындар несиелерін төлеп біткен сәтте білген. Себебі қарыздан құтылдық деп есептеген тұрғындарға, банктен қайтадан несие әлі жабылмады, қарызыңыз бар деген хабарлама келген.

 

Полицейлердің қырағылығының арқасында алаяқтық жасаған банк қызметкерінің жалпы 11 тұрғынды осылай алдағаны, шығын көлемі сегіз миллион теңгеге жуық соманы құрағаны расталды.

 

Ал істің ақ-қарасын ажыратып, тергеуді тиянақты жүргізген Түлкібас АПБ тергеушісі Азамат Сапаров алғашқыда күдікті жауаптан жалтарып, кейіннен Алматыда орналасқан банктің бас ғимараты арқылы келісімшарттарды алдырып, оны сараптамаға жолдап, қортындысы бойынша күдіктінің қолтаңбасы екені белгілі болған соң барып, кінәсін толық мойындағанын айтты.

 

Осылайша қылмыстық іс аудандық сотқа жолданып, сот үкімімен 30 жастағы ер азамат, яғни Шымкент қаласының тұрғыны, бұрынғы банк қызметкері болған күдікті үш жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

 

 

 




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.05.2021, 22:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31