Қылмыс

Түркістан облысында 24 жастағы жігітті айуандықпен өлтіріп кеткен

  • Түркістан облысында 24 жастағы жігітті айуандықпен өлтіріп кеткен

    Түркістан облысында 24 жастағы жігітті айуандықпен өлтіріп кеткен

Түркістан облысы Сайрам ауданында көлік жуу орнында кісі қолынан мерт болған Айбек Бекасылдың туыстары әділдік іздейді. Марқұмның жақындары 24 жастағы Айбекті күдіктілер асқан жауыздықпен өлтірді деп отыр. Сөздерінше, бұл оқиғада өзге де лауазымды тұлғалар болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жалғыз ұлынан қалған немересін қолына алған сайын, Ғалия Жаңабаеваның көкірегі қайғыдан қарс айырылады. Келіншек ұлынан қапияда айырылып қалғанын айтады. Тамыздың 17-сі ұлы Айбек Бекасыл қас қарая жөндеуге қойған көлігін көріп қайтпақ болған. Әрі қолына 150 мың теңге ақшасын ала шығыпты. Алайда сол күйі үйге оралмаған. Туыстары шарқ ұрып, денесін тек екі күннен соң Түлкібас ауданынан тауыпты. Ал сараптама марқұмның өлім себебіне мақсары егілген далада өз қанына өзі тұншыққан деген қорытынды беріпті. Бірақ бұған анасы сенбейді.

 
“Түлкібас ауданында біздің ешқандай танысымыз жоқ, мысалы туысқанына кетті, сол жақты мерт болды дейтін. Оның бәрі ұйымдастырылған тірлік”, – дейді марқұмның анасы Ғалия Жаңабаева.

Марқұмның туыстарының айтуынша, 17-ші тамыз күні Айбек Бекасыл көлік жуу орнындағы танысына келген. Бірақ соңы төбелеспен жалғасыпты. Болған жайт осындағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Бірақ қаралы отбасы жазба түгел емес, қылмысты жасыру үшін әдейі кесілген деп санайды. 

“Ұрып өлтірген, сөйтіп, үстіндегі қандарын жуған. Қайтып киіндірген. Артынша жолдас баласын шақырып, көлігіне артып, Түлкібас ауданына тартқан. Осылай істе деп кеңес берген адам бар”, – дейді марқұмның атасы Нұрлан Абанов. 

Көлік жуу орнында жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Марқұмның туыстары түлкібастық полицейлерге сенімсіздік білдірген соң, іс қазір Сайрам ауданыныда тергелуде. Күдікті екеу қамауға алынып, іске қатысты жүргізуші де сұралып жатыр екен.  

“Аталған жайт ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлігімен Түлкібас аудандық полиция бөлімімен қайта сараланып, тергеу реттілігі бойынша қылмыстық іс Сайрам ауданына жолданған. 30-шы тамызда Сайрам ауданындық сотымен күтікті екеу қамауға алынып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – дейді Салтанат Қаракөзова Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Қара жамылған отбасы қылмыстық іске қатысы бар тұлғалар көп деп отыр. Сол себепті осы іске қатыстылардың бәрі бірдей тиісті жазасын алса дейді.




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 09:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31