Қылмыс

Түркістан облысында 45 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

  • © polit.info

    © polit.info

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 45 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты. Келін түсіріп немере сүйген ананы перзенттерінің көз алдында әкелері пышақтап тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Жұрттың жағасын ұстатқан сұмдық 13 сәуір күні болған. Араққа сылқия тойған ер адам әйелімен балаларының көзінше жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың өзара келіспеушілігі қанды оқиғамен аяқталған. Отағасы үстел үстіндегі асхана пышағын алып, әйелінің бүйіріне сұғып алады.


Ең сорақысы, бұл жағдайға олардың ұлы мен келіні және кіші он жасар баласы куә болған. 25 жастағы үлкен ұлы тіпті әкесіне араша түспек болған. Алайда, отағасы туған баласын да оңдырмай, оның жауырына пышақ салды.


Мұнысымен қоймай, азамат үйден қашып шыққан ұлының соңынан қуып, оны аулада күрекпен ұра бастайды. Ашуға булыққан әкені көршісі тоқтатқан.


Әйелі мен ұлына пышақпен шабуылдаған ер адам оқиға орнынан қашып кетті. Алған аса ауыр жарақаттары салдарынан келіншек ауруханада көз жұмды. Күдіктіні тәртіп сақшылары сол күні ақ қолға түсірген.


"Қазығұрт аудандық полиция бөліміне аудандық аурухананың жансақтау бөліміне пышақ жарақатымен әйел кісінің түскендігі туралы хабарлама келген. Тәулік ішінде әйел тілге келмей қайтыс болған. Күдікті ретінде әйелдің күйеуін полицейлер құрықтады. Қылмыстық Кодекстің 99 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 




Көрілген: 1742    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30