Қылмыс

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

  • Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

    Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Түркістан облысында браконьерлер суды қорғау инспекторларына оқ атқан. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бүгінде күдікті қолға түсіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция мәліметінше, оқиға Шардара су қоймасында орын алған.


Инспекторлар түнгі шолу кезінде үш браконьер отырған қайықты байқапты. Жастар инспекторлардан жасырынбақ болғанымен, 17 шақырым жерді жүзіп өткеннен кейін, қайықтары тастардың арасына кептеліп қалады. Осы кезде жағалауда өзге де адамдар пайда болған.


«Олар табиғатты қорғау қызметкерлеріне қарумен сес көрсетіп, артынша инспекторлар жаққа оқ атқан. Мұнан соң ұялы телефондарын тартып алып, балықшылармен бірге көлікке отырып, ізін суытыпты», - дейді полициядағылар.


Жәбірленушілер полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары оқ атқандардың бірін қолға түсірді. Ол Шардара ауданының тұрғыны, түнде жүрген браконьерлердің бірінің әкесі болып шықты. Полицейлер тінту барысында ер адамнан аңшылық қаруы мен инспекторлардың ұялы телефондарын тәркіледі.


Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды.




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.10.2019, 10:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30