Қылмыс

Түркістан облысында банк қызметкері несие алған әйелдің 1 млн теңгесін жымқырған

  • Көрнекі фото.  https://www.belpressa.ru/

    Көрнекі фото. https://www.belpressa.ru/

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның атынан артығымен несие шығарып, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады.

 

Жәбірленуші әйел өз арызында банктердің біріне 1,5 миллион теңге несие алуға барғанын, банк келісімін беріп, қызметкер аталған несиені шығарып бергенін айтады.

 

Алайда арадан бір жылға жуық уақыт өткенде тұрғын, банк қызметкері сол кезде заңсыз әрекет жасап, мұның атынан екі жарым миллион несие шығарып, бір миллион теңгесін алаяқтық жолмен жымқырғанын біледі. Содан полицейлерден көмек сұрайды.

 

Аталған жайт Түлкібас АПБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. 

 

Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасады. Нәтижесінде полицейлер, күдікті азаматты ұстап, бөлімшеге жеткізді.

 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті қазіргі таңда банкте жұмыс жасамайтыны белгілі болды.

 

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктінің тағы осындай алаяқтық жайттарына қатыстылығын анықтады. Күдікті азаматтың жергілікті тұрғынның бірінен дәл осындай алаяқтықпен 700 мың теңге алғаны анықталды.

 

Күдікті өз кінәсін толықтай мойындап отыр.

 

Қазіргі таңда күдікті азамат қамауда. Түркістан облысы полицейлері тұрғындарға кез келген құжатқа қол қоймас алдын жақсылап қарап, мұқият зерттеп барып әрекет жасауға кеңес береді.

 

 




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 13:47

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31