Қылмыс

Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Түркістан облыстық Полиция департаментіне Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданған. Ауыл тұрғыны үш ер адам оны қорқытып, шамамен 4 000 000 теңге ақша талап еткенін айтты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға «бопсалау» бабы бойынша тіркеді.

 

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Полиция департаменті мен ҰҚКД жедел бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлерінен бірден бірлескен топ құрылды. Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, атқарылған жұмыстар аясында осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды. Олардың барлығы ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болып шықты.

 

Бірлескен жедел іс-шаралардың нәтижесінде тұрғылықты жері бойынша 9 адам ұсталды, олар Қазығұрт, Келес және Сарығаш аудандарының тұрғындары. Күдіктілердің 4-і ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері, ал үшеуі бұрындары бұзақылық, адамды ұрлау және террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды тарту үшін сотталғандары анықталды.

 

Қазіргі уақытта Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы осы іске байланысты тиянақты тергеу жұмыстарымен айналысуда. Бүгінде төртеуі сотпен қамауға алынып, 5-еуі қолхатта. Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде жедел уәкілдер нөмірлік белгісі зақымдалған шолақ мылтық пен металл кастетті тауып, тәркіледі. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қылмыстық топтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

 

 

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 00:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31