Қылмыс

Түркістан облысында "черная касса" ойыны үшін анасы қызын өлтірді

  • https://ulpravda.ru/

    https://ulpravda.ru/

Түркістан облысында анасы мен қызының арасындағы отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды. Қайғылы жағдай ересек қыздың "черная касса" ойынына қатысқысы келгендіктен орын алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

15 ақпан күні, кешкі уақытта Сарыағаш қаласының 41 жастағы тұрғыны 1953 жылы туған анасының үйіне келіп, әйелден 20 мың теңге бере тұруын өтінген.

 

Ол ақшаны құрбысының компаниясы ұйымдастырған "черная касса" ойыны үшін алмақ болған. Қызының ақшаны қайда салғалы жатқанын естіген қарт ана оған ұрысып, қаржы беруден мүлдем бас тартқан.

 

Әйелдер арасында жанжал шығып, оқиғаның арты қанды оқиғаға ұласқан.

 

41 жастағы қызы ас үй пышағын алып, анасына бірнеше рет сұғып алған. Қарт кісі денесінің жоғарғы жағы, қолы және аяғынан көптеген жарақат алған.

 

Осыған қарамастан, зейнеткер қызынан пышақты тартып алып, оған жауап ретінде пышақ жарақатын салған.

 

Қызы үйден шығып, қала сыртына қашып кеткен. Жапан түзде жалғыз қалған ол алған жарақаттарынан есінен танып, құлап қалған.

 

Бірнеше уақыт өткеннен кейін оны іздеуге шыққан туыстары келіншекті тауып алды. Алайда әйел көп қан жоғалтқандықтан, қайтыс болып кеткен.

 

Сол күні полиция өлген әйелдің анасын ұстаған. Ол аудандық ауруханада жатып, медициналық көмек алған.

 

Күдіктіге Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша, қасақана кісі өлтірді деген айып тағылған.

 

"Сот күдіктіге қатысты санкция берді. Қала тұрғыны айыпталып отырған қылмыстың аса ауырлығына байланысты, оған екі ай тергеу кезеңінде қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалған.", -деді Сарыағаш аудандық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі координаторы, судья Берік Қайыпов.

 




Көрілген: 2054    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 10:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30