Қылмыс

Түркістан облысында жеткіншектер төбелесі адам өлімімен аяқталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Түркістан облысы Ақсукент ауылында 15 жастағы жігіт бір адамды өлтіріп, екіншісінің өміріне қастандық жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Сайрам аудандық сотының санкциясына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Алдын ала тергеу деректеріне сүйенсек, 7 сәуір күні күндізгі сағат 12 кезінде Манкент ауылында үш жасөспірімнің арасында жанжал туындап, оның арты төбелеске ұласқан.

 

Олардың бірі төбелес кезінде пышақ пайдаланған. Салдарынан жүрек тұсынан жарақат алған жасөспірімдердің бірі оқиға орнында көз жұмған. Тағы біреуі ауыр жағдайда кеуде тұсының жарақатымен ауруханаға түскен.

 

Күдікті бозбала ұсталған.

 

Ол дәл сол күні курстас құрбысымен бірге колледжден келе жатқанын айтыпты. Бір мезетте екеуіне бейтаныс жігіттер келіп, бастапқыда балағаттап, артынша ұра бастаған көрінеді.

 

Қорғану мақсатында ол өзімен бірге алып жүрген пышағын шығарып, шабуылдаушыларға сұға бастаған.

 

Күдіктінің құрбысы төбелесті тоқтатуға тырысыпты.

 

Кәмәлет жасына толмаған жігітке қасақана кісі өлтіру және бұзақылық ниетпен екі немесе одан да көп адамның өміріне қастандық жасады деген айып тағылған. Сайрам аудандық соты күдіктіні қамауға алуға санкция берген.

 

Қылмыстың аса ауырлығына байланысты жасөспірім тергеу кезеңінде қамауға алынып, тергеу изоляторында отырады.

 

 

 




Көрілген: 1174    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 17:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31