Қылмыс

Түркістан облысында жүргізуші полицейді көлікпен сүйреген

  • Түркістан облысында жүргізуші полицейді көлікпен сүйреген

    Түркістан облысында жүргізуші полицейді көлікпен сүйреген

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторының өміріне қауіп төнгеніне қарамастан жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Сайрам ауданы Ақсукент кентінде түнде болған. Жол-патрульдік полиция қызметкері күдік туғызған ВАЗ автокөлігін байқаған. Осы сәтте учаскелік полиция инспекторы Дәурен Байхарашев тәртіп бұзған жүргізушінің жолын бөгеп үлгеріпті. Алайда күдікті тәртіп сақшысының талабына бағынбаған. Полицей жүріп бара жатқан көлік капотына секірген.

Тәртіп бұзған ер адам полицейді капоттың үстінен лақтырып жіберу үшін жылдамдығын асырған.

"Алайда кәсіби деңгейі жоғары полиция қызметкері бұған жол бермеген. Учаскелік инспектордың әріптестері де күдіктінің ізіне түскен. Сондай-ақ, тәртіп бұзған ер адамның ұсталуына Audi көлігінің жүргізушісі көмектескен. ВАЗ жүргізушісі жылдамдықты төмендетпей, оның көлігін соққан. Ол полиция қызметкерін сүйреп, ол "Алматы - Термез" тасжолына шыққан. Алайда Қарабұлақ аулына жетпей, автокөлігін тоқтатып, оқиға орнынан із суытқан. Учаскелік полиция инспекторы Дәурен Байхарашевқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

 

 

 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді. Қазір таңда бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

сенбі, 05.09.2020, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31