Қылмыс

Түркістан облысында жүргізушілер арасындағы кикілжің атыспен аяқталды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Түркістан облысы полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


24 шілде күні түнде Төлеби аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханадан оқ тиіп жараланған ер адамның жеткізілгендігі туралы хабарлама келіп түседі.


Полицейлердің анықтауынша, қала көшелерінің бірінде екі көлік қарама-қарсы келіп, бір-бірінің жол жүрісіне кедергі жасап, яғни 2 жүргізуші жолды бөлісе алмай, сөзге келіп қалған. Соның салдарынан жүргізушінің бірі жәбірленушіні травматикалық қарумен атып, оқиға орнынан бой тасалаған.


Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді. Қылмыстық істі ашу мақсатында Төлеби АПБ-нің полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні ұстау үшін қажетті деген барлық іс-шараларды жедел іске асырды.


Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде Леңгір қаласының тұрғынын ұстады. Полицейлер күдіктіден айғақ зат ретінде травматикалық тапанша тауып тәркіледі. Күдікті қазір қамауда.


Осы кезде қару қолдану арқылы «бұзақылық» жасау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.


24.kz


 




Көрілген: 238    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31