Қылмыс

Түркістан облысында келіні туысқанын балғамен ұрып өлтірген

  • Фото penzasmi.ru

    Фото penzasmi.ru

Түркістан облысында әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. 16 қыркүйекте Созақ аудандық полиция бөліміне ер адам қоңырау шалып, көрші үйден зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің мәйітін тапқанын айтқан.


Полиция бұл мәлімдемені ҚР ҚК 99-бабы «кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Учаскелік полиция кезекшісі аймақтық бөлімге ауыр қылмыс туралы хабарлаған.


Созақ ауданына тәжірибелі криминалды полиция қызметкерлерінің арнайы тобы аттанды. Мәйітті қарау кезінде сот-медицина мамандары зардап шеккен адамның басына ауыр затпен соққы беру нәтижесінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Өз кезегінде облыс орталығынан келген жедел уәкілдер оқиға болған жерді мұқият зерттей бастады.


Полицейлер жәбірленушінің үйі сыртынан кілтпен құлыптаулы тұрғанын байқаған. Дәл осы жағдай полицияны туыстарының бірі өлтірген деген ойға жетеледі. Күндізгі жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері марқұмның өліміне көрші ауылдың тұрғыны — өзінің келінінің қатысы барлығын анықтады.


Тергеушілер күдіктіні өз үйінде ұстады. Күдікті қамауға алынды. Ол бұл әрекетті толық мойындады. Айғақты зат – балға тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған. Тергеушілер кісі өлтіру себебін және оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үстінде.


 


 kz.otyrar.kz




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31