Қылмыс

Түркістан облысында күдіктіні азаптады деп айыпталған экс-полицейлердің соты өтіп жатыр

  • Көрнекі сурет.  https://ura.news/

    Көрнекі сурет. https://ura.news/

 

Істі Ордабасы аудандық соттың төрағасы Алтай Қалықұл қарап жатыр. Сот отырысына айыпталушы ретінде Ордабасы аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкерлері Жасұлан Сейітжаппар, Қанат Налмишов, Сағадат Жандарбек және жәбірленуші ретінде Нүркен Салханов пен Азамат Жарасов және олардың адвокаттары қатысып жатыр. 26 қараша күнгі сот отырысында куә ретінде облыстық және аудандық прокуратура қызметкерлері сұралды.

 

Айыпталушылардың қорғаушысы Молдабай Мырзагелдиевтің айтуынша, экс-полицейлер тағылған айыпты мойындамайды.

 

Жәбірленушілердің қорғаушысы Абибулла Шәмшиевтің сөзіне қарағанда, биыл мамыр айында Азамат Жарасов пен Нүркен Салханов күдікті ретінде ұсталып, Отырар аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Полиция ғимаратында түрлі қысымға ұшырап, дене жарақатын алған. Қысымға шыдамаған Азамат Жарасов полициядан шыққаннан соң үйінде өзіне қол салып, асылған. Дәл сол сәтте туыстары көріп қалып, аман алып қалған.

 

Экс-полицейлер Азаттыққа жәбірленушілердің биыл көктемде мал ұрлығына күдікті ретінде ұсталғанын растайды. Бірақ тағылған айыптармен келіспейді. Жасұлан Сейітжаппар мен Қанат Налмишов күдікке ілінгеннен кейін сот үкімі шықпаса да жұмыстан қуылдық деп отыр.

 

Былтыр Ақтөбе облыстық соты "адам азаптады" деген айыппен бірнеше жылға кесілген төрт полицейді ақтаған. Жәбірленуші тарап үкіммен келіспейтінін айтқан.

 

Құқық қорғаушылар Қазақстанда полиция бөлімшесі мен қамау орындарында жиі қайталанатын азаптау қылмысының көбісі ашылмай қалатынын, оған кедергі көп екенін айтады. Азаптау туралы шағымдардың тек кейбірі ғана сотқа жетеді.

 

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен Батыс елдері үкіметтері Қазақстан билігін түрмедегі азаптауды тоқтатуға бірнеше рет шақырған. АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқығының ахуалы туралы былтырғы есебінде Қазақстанда қамауда отырғандарды азаптау, ұрып-соғу тыйылмай тұрғанына назар аударған. Еуропарламент былтыр наурыздағы қарарында Қазақстанда "тұтқындар мен күдіктілерді азаптау қалыпты жағдайға айналғанын" айтқан.

 

 

 

 azattyq.org




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 15:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31