Түркістан облысында оқушы студентті пышақтап тастады

25 қазан 2021, 09:12

Түркістан облысы, Төлеби ауданында жоғары сынып оқушысы колледж студентін пышақтады. Оқиға оқушының үйінің ауласында болған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Екі жасөспірім арасында келісіпеушілік болған. Студентке ашуланған оқушы қолындағы пышақпен сермеп қалған. Салдарынан жарақат алған колледж студенті дәрігер көмегіне жүгінген.

 

Жасөспірімдер арасындағы оқиғаны полицейлер растады.

 

"Төлеби ауданы, Леңгір қалалық ауруханасынан кәмелет жасына толмаған баланың пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Көпқабатты үйдің ауласында жасөспірімге танысы пышақ сермеу арқылы жарақат салғаны анықталды. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілді. Бүгінгі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", — деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

 

Полицейлердің мәліметінше, жарақат алған баланың әкесі болған оқиға бойынша арыз-шағым жазудан бас тартыпты.

 

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміндегілердің айтуынша, қазіргі таңда жәбірленуші баланың жағдайы қалыпты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.