Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркістан облысында полиция бөлімінде түсірілген "азаптау дыбыстарының" видеосы тарады

02 тамыз 2022, 09:22

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Сауран ауданының тұрғынына қатысты полицейлер қолданған азаптау дыбыстары жазылған видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғынының өзі бұл жазбаны бірнеше күн бұрын Ішкі істер министрлігіне өтініші бойынша алған. Видео Сауран аудандық полиция бөлімінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсірілген. 
 
Ауыл тұрғыны екі қой ұрлады деген күдікпен полиция ғимаратына жеткізілгенін айтты. Оның айтуынша, полицейлер басына пакет кигізіп, соққыға жыққан. Ер адамның пайымдауынша, тәртіп сақшылары осылайша оған өзі жасамаған қылмысты мойындатуға мәжбүрлемек болған. Оқиға биыл 8 ақпанында болған.

Полиция департаменті 34 жастағы тұрғынның мал ұрлығына қатысы жоқтығын, оған қатысты қозғалған іс тоқтатылғанын түсіндірді. Оны азаптаған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол өз мәлімдемесінде бес қызметкердің аты-жөнін атады.

Қазір бұл іспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері айналысып жатыр.

Жәбірленушінің айтуынша, Антикор қызметкерлері істі сотқа жеткізгісі келмейді және ауыл тұрғынынан олардың да отбасы, бала-шағасы бар екенін алға тартып, азаптаушыларды кешіруге шақырған. Жәбірленуші тарап мұнымен келіспей, істі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беруді сұрайды.