Қылмыс

Түркістан облысында түрмеде отырғандар ессіз әрекетке барды

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан алты сотталған өзін жарақаттады, деп хабарлады ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

 

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұл әрекетке есірткі саудасына байланысты 10 жылға сотталған 28 жастағы азамат бастамашы болған.

 

"Кісі өлтіру, қарақшылық және есірткі саудасы үшін сотталғандар өзін жарақаттады. Оған тінту жұмыстарын жүргізу мен қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің ішкі тәртібін сақтауға келіспеушілік себеп болған", - деп түсіндірді комитетте.

 

Наразылық акциясына алты адам қатысты. Департамент олардың болмашы жарақат алғанын айтты.

 

"Оларға колония қызметкерлері дереу медициналық көмек көрсетті. Денсаулығы қанағаттанарлық, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", - деп түсіндірді Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Талғат Әбдіранбаев.

 

Сонымен қатар департамент бастығы сотталғандардың мекеме әкімшілігінің заңды әрекеттеріне теріс көзқараста екенін, олардың түзеу жолына түскісі келмей отырғанын жеткізді.

 

Мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Аталған факті тіркеліп, қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1047    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30