Қылмыс

Түркістанда 8 баланы анасы 70-тен аса алаяқтық іс жасады деп айыпталуда

  • Түркістанда 8 баланы анасы 70-тен аса алаяқтық іс жасады деп айыпталуда

    Түркістанда 8 баланы анасы 70-тен аса алаяқтық іс жасады деп айыпталуда

Түркістан қалалық полиция бөлімінің тергеушілері сегіз баланың анасы мен бұрынғы мемлекеттік қызметкер бірнеше миллион теңге алаяқтық жасады деген күдікпен 19 томдық қылмыстық істі сотқа жолдады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан полициясына облыс орталығының тұрғындарынан алаяқтың құрбаны болғандығы туралы ондаған арыз түскен. Аталған фактілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бойынша тіркелді.


Жәбірленушілердің айтуынша, әйел ақылы негізде мемлекеттік субсидия алуға көмектесуді ұсынып, сеніміне кіреді. Алаяқтықты ашу үшін полиция тәжірибелі қызметкерлерден тұратын жедел-тергеу тобын құрды. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция күдіктіні құрықтады. Ол Түркістан қаласының тұрғыны, сегіз баланың анасы, жұмыссыз.


Балалардың үлкені үйленген, ал кішісі 2 жаста. Көпбалалы ана мойындағандай, ол бұл қылмыстарды мемлекеттік мекемелердің бірінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғынмен бірге жасаған. Тергеу жас әйелдің досымен бірге жәбірленушілердің сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен оларды мемлекеттік бағдарламалардың біріне субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, алдап алып кеткенін анықтады.


Ақшаны алғаннан кейін алаяқтар жоқ болып кетеді, ал ақша олардың қажеттіліктеріне жұмсалды.


Күдікті қамауда, ал көпбалалы ана «ешқайда кетпеу туралы қолхатпен» босатылды. Қазіргі уақытта тергеу барысында ұсталғандардың 70-тен аса алаяқтық ісіне қатысы бар екендігі анықталды. Айыптау үкімімен қатар қылмыстық істер сотта қаралып жатыр. Зардап шеккендер келтірген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрады. Бүгінгі таңда осы қылмыстық «жұптың» жасаған тағы 10 алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс бар.


stan.kz




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.09.2019, 17:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31