Қылмыс

Түркістанда белгісіз біреулер көшеде оқ жаудырды (видео)

  • Фото: Телеканал

    Фото: Телеканал "Звезда"

Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер оқ жаудырды. Оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп алған. Түркістан облысы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Видео Instagram-дағы salem.turkistan парақшасында жария болды.

 

Кадрлардан екі ер адамның жас жігіттің соңына түскенін байқауға болады. Видеодан оқ дыбысы және айқай-шу болып жатқаны да анық естіледі.

 

Видеоны көлік жүргізушілерінің бірі түсірген болуы мүмкін - жанжалға қатысушылар оның көлігінің жанынан жүгіріп өтеді. "Мұнда атыс", - деп түсіндіреді видео авторы.

 

Бейнежазбаның соңында екі ер адамның жігітті күшпен көлікке сүйреп әкеткенін көруге болады.

 

Облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

 

"Бүгін Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан. Полиция бұл фактіні Түркістан қаласының полиция бөлімінде 293 бап "Бұзақылық" дерегі бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды қамауға алу бойынша шаралар қабылдануда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

 

 

 




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 09:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30