Қылмыс

Түркістанда деструктивті діни ағымдарға қатысты 30-дан астам қылмыс ашылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Түркістан облысының полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қатысуымен болған 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыру, жеке мүлікті ұрлау, есірткі өткізу мен сақтау және басқа да қылмыстар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы сондай-ақ діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған деректер де анықталған. Нәтижесінде өңірде деструктивті діни ағымды ұстанушы 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 16-сы діни сипатты бұзғаны үшін ұсталған. Тәртіп бұзушыларға 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

 

«Полиция департаменті мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттаумен айналысатын адамдарды ұстау үшін бірқатар арнайы операция жүргізді. Тінту кезінде күдіктілерден ұялы телефондар, діни мазмұндағы баспа әдебиеттер мен компьютерлік техника тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің барлық материалдары айыптау актісімен сотқа жолданған» делінген хабарламада.

 

 




Көрілген: 222    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 21:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31