Қылмыс

Түркістанда жас жігіт ғашығының ағасын пышақтады

  • https://mgorod.kz/

    https://mgorod.kz/

Түркістан облысында сүйіктісінің ағасын пышақтады деген күдікпен 21 жастағы жігіт ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қаланың тергеу сотына сілтеме жасап.

 

Қанды оқиға 25 қыркүйек күні Түркістан маңында кешкі уақытта болған. Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, күдікті оқиға орнына сүйіктісінің ағасымен кездесу үшін BMW көлігімен келген.

 

Ал зардап шегуші үш досымен бірге Daewoo Nexia көлігімен келген. Жастар арасында жанжал тауындаған. Ағасы қарындасын жайына қалдыруын және онымен байланыспауын талап еткен. Сол кезде 21 жастағы жігіт өзімен әкелген пышағын алып, қыздың ағасының кеуде тұсына бірнеше рет сұғып алған.

 

Содан кейін оқиға орнына қашып кеткен.

 

Зардап шегушіні достары ауруханаға жеткізген. Абырой болғанда дәрігерлер өмірін сақтап қалған.

 

Пациент әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Күдікті көп ұзамай ұсталып, кінәсін мойындаған.

 

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, қылмыс қаруы іздестіріліп жатыр.

 

Сот Түркістанның 21 жастағы тұрғынын қамауға алуға санкция берген.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін сүйіктісін қайтара алмаған талдықорғандық азамат желіге оның интимдік фотосын жариялап жібергенін жазған едік. Содан кейін бойжеткен полицияға жүгініп, тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 4-бөлігі бойынша (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) іс қозғады.

 

 

 

 




Көрілген: 1045    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31