Қылмыс

Түркістанда жезөкшелікпен айналысқан өзбекстандық алты бойжеткен ұсталды

  • © Photo : ДВД Алматы

    © Photo : ДВД Алматы

Түркістан облысы полицейлері жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

4 сәуір күні Түркістан облысының Полиция департаментіне облыс орталығының моншаларының бірінде жеңгетайлық жасап, притон ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып, жеңгетайлықпен айналысқан мекеменің иесін анықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі.

 

Полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті алты қызды анықтады. Олар Өзбекстан азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды.

 

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша (жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қолхатта. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтап жатыр.

 




Көрілген: 1964    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31