Қылмыс

Түркістанда коронавирус жайлы ақпарат таратқан 3 адам он жылға сотталуы мүмкін

  • © CC0 / Dean Moriarty

    © CC0 / Dean Moriarty

Түркістан облысында коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқан 3 адам тергеліп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте полиция департаментінің бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев мәлімдеді.

 

Полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматтар Қазақстан Қылмыстық кодексі бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

 

"Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Мәселен, облыста Мақтаарал, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 3 дерек тіркелді", - деді Әбдіғани Сейдуалиев.

 

Олар коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде таратқан. Қазір тергеу амалдары жүруде, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

sputniknews.kz

 

 

 




Көрілген: 177    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 10:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31