Қылмыс

Түркістанда мерседес жүргізушісі көшеде бара жатқан жігітті атып кетті

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысының полицейлері тұрғынды атып, жарақаттаған жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне Т.Рысқұлов ауылының жедел-жәрдем диспетчерінен ауруханаға қару оғынан дене жарақатын алған жергілікті тұрғын түскені жөнінде хабарлама келді. Оқиға орнына Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты.

 

Жәбірленушіден жауап алу барысында, ол достарының үйінен шығып, көшеде келе жатқанында жанына нөмірсіз, сұр түсті “Меrcedes” маркалы көлігі тоқтап, терезесінен оқ ата бастағанын көрсетті. Содан санына оқ тиіп, салдарынан жарақаттанған.

 

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен (бұзақылық) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

Полицейлер осы қылмысты жасаған күдіктіні анықтау мақсатында шұғыл әрекетке кірісті. Оқиға орнын мұқият қарап, тексеріп, көрген-білгендерден жауап алып, іздестіру жұмыстары жүргізілді.

 

Тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктіні анықтап, 12 сағат ішінде ұстады. Ол көрші ауылдың тұрғыны, жас жігіт болып шықты.

 

Тергеуші Еркін Сәбитбектің анықтауынша, күдікті жарақат алған жәбірленушіні бұрыннан араздасып жүрген азаматқа ұқсатып, кек алу мақсатында оқ атқан. Ол өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіден тіркелмеген 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы қаруы айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды.

 

Қазіргі уақытта күдікті Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 




Көрілген: 473    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31