Қылмыс

Түркістанда ұялы телефон сатумен айналысқан экстремистік топ құрықталды

  • © KAZ.NUR.KZ

    © KAZ.NUR.KZ

Түркістан қаласындағы базарлардың бірінде ұялы телефон сатып келген экстремистік топ ұсталды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Түркістан облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында облысқа қарасты бірқатар аудан, қалаларға рейдтік шара жүргізді. Шара барысында полицейлер діни алауыздықты қоздыру әрекеттерін жүзеге асырып келген топты құрықтады.



"Түркістан қаласындағы базарлардың бірінен ұялы телефондарды алып сату және жөндеу жұмыстарымен айналысатын азаматтардың арасында дәстүрлі емес деструктивтік діни ағымын ұстанушылары мен жақтастары бар екендігі белгілі болды. Тыңғылықты тексеру нәтижесі көрсеткендей, күдіктілер қылмыстық жолмен ұрланған ұялы телефондарды алып сату, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру іс-әрекеттерін іске асыру арқылы, ұялы телефонға арнайы деструктивтік ағымды насихаттайтын мәліметтерді жүктей отырып, тұтынушыларды арандатқан.

Бұл істі полицейлер ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша СДТБТ-не тіркеуге алды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдікті ретінде ұсталған үш азаматқа қатысты тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, уақытша қамауға алды",- делінген Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметте.



Облыс полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап кетті. Айғақты заттар тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды. 




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 23:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31