Қылмыс

Түрмедегі педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған әйел ұсталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Түрмеде жазасын өтеп жатқан педофилге есірткіні кәмпитке тығып өткізбек болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 жоғары қауіпсіздік мекемесіндегі педофилге психотроптық заттарды кәмпиттердің ортасына тығып өткізуге тырысқан.

 

«2017 жылы азаматтық некедегі әйелдің кәмелетке толмаған қызына қатысты ерекше қатыгездікпен жыныстық қатынас жасаған сотталғанға тыйым салынған заттарды колонияға беруге тырысты. Қысқа мерзімді кездесуге келген әйел жазасын өтеушіге кәмпитке тығылған психотроптық заттарды алып барған. Алайда, жедел бөлімдегі тексеру тобының қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алды.

 

 

Сотталғандармен және олардың туыстарымен тыйым салынған заттарды алып өту фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, азаматтар тыйым салынған заттарды беруді саналы түрде жалғастыруда. Тек 5 айдың ішінде Алматы облысында пенитенциарлық мекемелерге ұялы телефондарды, спирттік ішімдіктерді, ақша қаражатын және есірткі заттарын әкелудің 10 - ға жуық фактісінің алдын алынды», - деді Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.

 

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне тыйым салынған заттарды бергендер ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабында көзделген әкімшілік жазаға тартылады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 22:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30