Қылмыс

Түрмеге өткізбек болған ақтөбелік келіншек ұсталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Түрмедегі күйеуіне аяқ киім апарып, табанына телефон жасырған ақтөбелік әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті және Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Асыра лақтыру» жедел-алдын алу шарасын өткізді.

 

Нәтижесінде, КА-168/2 мекемесінің негізгі қоршауы арқылы мекемеге тыйым салынған заттары бар үш түйіншекті лақтыруға тырысқан 26 жастағы ақтөбелік ұсталды.

 

Тексеру кезінде азаматтан үш зат анықталды. Оның екеуі ұялы телефон және біреуі ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктектес зат. Азаматтың жеке тұлғасын анықтау барысында, оның бұрын сотталғаны анықталды.

 

 

 

Сонымен бірге КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері 33 жастағы әйел әкелген заттарды тексеріп, аяқ киім табанына мұқият жасырылған 2 шағын ұялы телефон және USB шнурын тәркіленді.

 

«Екі жағдай мекеменің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Бірінші дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екінші дерек бойынша күйеуі үшін заң бұзған әйел әкімшілік жауапқа тартылады», - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері есірткі заттарын жасырын түрде өткізбек болған 8 жағдай анықталды.

 

Ал «Асыра лақтыру» шарасы кезінде 20 ұялы телефон, 20 sim карта, 9 құлаққап, 6 қуаттағыш, 1 флеш-карта, 2 ұялы телефон батареясы тәркіленді.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 08:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31