Тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталды - ҰҚК

19 сәуір 2022, 17:57

ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігіне іліккен адамдар тобын, оның ішінде шетел азаматын ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.

ҚР ҚК-ның 175-бабы 1-бөлігі ("Мемлекетке опасыздық жасау"), 176-бабы ("Тыңшылық") және 185-бабы 3-бөлігі ("Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету") бойынша қылмыстық істер қозғалды", - делінген хабарламада.

 

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

 

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық істердің "Құпия" белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.