Қылмыс

ҰҚК Алматы мен Павлодарда арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелерін ұстады

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қару сатқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Олардың қатарында шет ел азаматтары болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен оқ-дәріні заңсыз сатумен айналысқан шетел азаматтарынан тұратын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кескен.


«Биыл 25 шілдеде ҚР ҰҚК 4-қызметінің 5-департаменті және ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментімен бірлесіп арнайы операция өткізіп, оның барысында Алматы және Павлодар қалаларында «М» және «П» ісі бойынша өтетін тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан 7 «Калашников» автоматы және 2 «Макаров» тапаншасы, сондай-ақ түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды», делінген хабарламада.


Қазір, ұсталғандар Тараз қаласына жеткізілді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


 




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.08.2019, 17:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31