Қылмыс

ҰҚК: Алматыда "Алиев" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі мен мүшелеріне сот үкімі шықты

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

2019 жылғы 15 мамырда Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты "Алиев" ҰҚТ жетекшісі Қадыр Алиевке және қылмыстық топқа қатысушылар Аңсар Дартаевқа, Дмитрий Терешин мен Ерсен Жұмабаевқа сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Сотталғандардың төртеуі де ҚР ҚК 125-бабының 2-б. 1), 8) тармақтарымен, 191-бабының 4-б. 2) тармағымен, 287-бабының 3-б. және 390-бабының 2-б. (адам ұрлау, тонау, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын лауазымды адамның атағын өздігінен иемдену) көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген ҰҚК хабарламасында.


ҰҚТ жетекшісі мен оған қатысушылар К.Алиев, А.Дартаев, Д.Терешин мен Е.Жұмабаев 7 жыл және 1 айға бас бостандығынан айырумен қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеуге сотталды.


Осыған дейін, 2018 жылғы 10 қазанда Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысының тұрғыны К.Алиевтің жетекшілігіндегі аса қауіпті қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетін анықтап, жолын кесті.


Қылмыстық топтың негізін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері құраған, олар 2018 жылғы 13 қыркүйекте Жамбыл облысында Отар станциясында кәсіпкер Р. Агалюллинге қарулы шабуыл жасап, 107 мың доллар, 4 миллион рубль және 23 мың евро иемденген.


Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 8 пистолет пен қару, 140 бірлік оқ-дәрі, радиостанциялар, автомобильдердің жалған номерлік тіркеу белгілері, матадан жасалған бетперделер, кісендер мен басқа да қарақшылық шабуыл жасауға арналған құралдар табылып, алынды.


Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларымен ұрланған ақшалай қаражат жәбірленушіге қайтарылды.


 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31