Қылмыс

ҰҚК: Алматыда Наурыз мейрамына теракт жоспарланған

  • ҰҚК: Алматыда Наурыз мейрамына теракт жоспарланған

    ҰҚК: Алматыда Наурыз мейрамына теракт жоспарланған

 2020 жылдың 13 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды.

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Айта кетейік, 9 наурызда коронавирус жұқтырған адаммен бірге ұшып келген 40 адам табылды. Қазіргі уақытта ҰҚК мен полиция 24 ақпан мен 13 наурыз аралығында елге келген 488 адамға іздеу салды.

Сондай-ақ, Германиядан, Ресейден және Польшадан Қазақстанға ұшып келген ұшақтардың жолаушыларына 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға өтініш жасалды.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 163    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.03.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31