Қылмыс

ҰҚК Шымкенттегі қылмыстық топқа қатысты ақпаратты бөлісті

  • © Photo : Официальный сайт КНБ Казахстана

    © Photo : Официальный сайт КНБ Казахстана

Шымкентте заңсыз қару жасап, өткізген қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты.

 

2020 жылдың 6 ақпанында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының соты қаруды заңсыз жасау және өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты үкім шығарды.

 

"К.Дрейлинг қылмыстық кодексінің 287-бабы 4-бөлігі ("қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") және 288-бабы 2-бөлігі ("қаруды заңсыз жасау") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды", - делінген ақпаратта.

 

Сондай-ақ, Ю.Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Р. Ибрагимов 3 жылға, В. Завзин 4 жылға шартты түрде сотталды.

 

 

Айта кетейік, 2019 жылы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының арнайы операциясы нәтижесінде көрсетілген қылмыстық топ қолға түсірілді.

 

Қылмыстық схемаға сәйкес, демилитарландырылған қару Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған.

 

Заңсыз айналымнан 8 "Калашников" автоматы, 2 "Макаров" тапаншасы және оқ-дәрілері алынды. Қаруды модификациялауға арналған цех жойылды.

 

sputnik

 

 




Көрілген: 190    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 20:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30