ҰҚК терроризмге қарсы арнайы операция нәтижесі туралы мәлімет берді

11 қаңтар 2022, 10:49

Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операциялар басталғалы дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтар құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды құрықтады, олардың алтауы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды.

 

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

 

Қылмыскерлерді қолға түсіру кезінде:

 

30 бірлік қару (тегіс ұңғылы - 22,

карабиндер - 3,

пистолеттер - 5),

245 бірлік оқ-дәрі,

2 бірлік суық қару;

8 радиостанция,

4 бронежилет тәркіленді.

 

Ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон, сандық техника (планшеттер, ноутбуктер), халық тұтынатын тауарлар (15 қорап парфюмерия, 267 бөтелке спирттік ішімдіктер) және қомақты қаржы сомасы тәркіленді.

 

Сондай-ақ, күдіктілер тізгіндеген 29 автокөлік, діни әдебиеттер мен заңсыз митингтерді ұйымдастыру тәртібі бойынша әдістемелік құралдар алынды.

 

Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте, шекара күзеті күшейтілген режимде жүзеге асырылуда.

 

 

 

24.kz