Қылмыс

ҰҚК ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді – видео

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысындағы кәсіпорыннан алтын ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың ұсталғанын хабарлады. Оның екі басшысының бірі – Армения азаматы. Тінту кезінде алтын, ақша және қару тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Ақмола облысының қала құраушы өнеркәсіптік кәсіпорнынан құрамында алтын бар материалдарды ұрлаумен айналысқан қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды. 

 

Айта кетейік, Ақмола облысында екі ірі алтын өндіруші компания – "Қазақалтын" тау-кен металлургиялық комбинаты және "Алтынтау Көкшетау" ЖШС жұмыс істейді. ҰҚК департаментінің баспасөз қызметі оның қайсында ұрлық жасалғанын айтудан бас тартты.

 

"ҰҚК арнайы операциясы кезінде алтын жымқырудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған қылмыстық топтың екі басшысы ұсталды. Олардың бірі – Армения азаматы", - деп хабарлады ҰҚК-нің Ақмола облысы бойынша департаменті.

 

Ұйымдастырушылар мен қылмыстық топ мүшелерінің тұрғылықты жерін тінту кезінде алтын, ақша және қару тәркіленді.

 

"41 оқ-дәрісі бар әскери тапанша, газ тапаншасы, сигналдық револьвер, салмағы бір килограмға жуық алтын құйма, бір килограмнан астам катодты алтын, 33 500 доллар, 800 000 теңге, 32 000 армян драмы, отқұндақты пеш тәркіленді", - деп хабарлады департамент.

 

Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі 19 қаңтарда тоқтатылған. Бірақ объективті себептерге байланысты ақпарат енді ғана жарияланып отыр, деп атап өтті ведомство. 

 

 

 

 

 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 16:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31