Қылмыс

Ұлттық тестілеу орталығының басшылары пара үшін ұсталды

  • © Sputnik / Рамиль Ситдиков

    © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық тестілеу орталықтың екі басшысын пара үшін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қоғаммен байланыс департментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, осы аптада білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының басшылығы жасаған сыбайлас жемқорлық схемасы әшкереленді. Мәселен, орталықтың 2016 жылғы басшысы мемлекеттік сатып алулар кезінде жеке меншік компанияға лобби жасаған. Сол үшін 9 миллион теңгенің "Тойота-Камри" маркалы су жаңа автокөлігін пара ретінде алған. Автокөлік тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жеделдетілген түрде жүргізіліп жатыр.


"Сондай-ақ, осыған ұқсас заңсыз әрекеттер үшін орталықты 2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін басқарған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол 2017-2018 жылдар аралығында делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі көлемдерде пара алып отырған. Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді Бердалин елордада өткен баспасөз мәслихатында.


Ресми мәліметке сәйкес, соңғы үш жылдың ішінде білім саласында 620 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Одан мемлекетке келген шығын 1,5 миллиард теңгені құрады.


"364 тұлға әшкереленді. Соның ішінде 57 мектеп директоры, 10 колледж директоры және 22 балабақша меңгерушісі бар", - деп атап көрсетті Бердалин.


 




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 14:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31