Қылмыс

Ұлттық ұлан қызметкері бойжеткенді зорламақ болған азғыннан құтқарып қалды

  • https://gorobzor.ru/

    https://gorobzor.ru/

Ақтөбеде ұлттық ұланның әскери қызметкері, ефрейтор Андрей Петров қызды зорламақ болған азғыннан аман алып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Оқыс оқиға 15 маусымда түнде болған. Андрей Петров балконға шығып, әйел адамның даусын естіген. Үйіне кіріп, жанталаса спорттық аяқкиімін киген соң, қызға көмектесу үшін көшеге шыққан. Осылайша, ол оқиғаның кездейсоқ куәгері болыпты.

 

Андрей Петров үйдің жанындағы бұталардың арасынан ер адамды көрген. Ол қызды зорламақ болыпты. Әскери қызметкер қоян-қолтық ұрыс әдісі арқылы азғынды құлатқан. Кейін 102 нөміріне қоңырау шалып, оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақырған. Тәртіп сақшылары келгенге дейін Андрей Петров күдіктіні ұстап тұрған. Азғын қарсылық көрсетіп, тіпті оқиға орнынан қашып кетуге тырысыпты.

 

Андрей Петров - ұлттық ұланның әскери қызметкері. Фото: РгК "Батыс" баспасөз қызметі;

 

"Менің орнымда басқа адам болса да осылай әрекет етуші еді. Мен оған сенемін. Бұл ерлік емес. Адамға көмектесу - абыройлы іс. Егер көмек қажет болса, адамның жанынан жай өтіп кетпеңіз", - дейді ефрейтор.

 

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу басталды. Зардап шеккен қыз полицияға арыз жазды.

 

Батыл әрекет еткені әрі азаматтық ұстанымы үшін Андрей Петров дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
 




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31