Ұлымды жеті жыл қинады, ол да солай қиналсын – 20 рет пышақталған баланың анасы

06 сәуір 2018, 20:19

Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық сотында 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі inaktau порталына сілтеме жасап.

Сот процесі барысында журналист пышақталып өлтірілген жасөспірімнің туған анасымен сөйлескен. Ол сот баласын өлтірген айыпталушыға әділ үкім шығырады деген үмітте.

Өгей анасы өлтірген жасөспірімнің есімі – Нұрсұлтан Назарбаев. Ол соңғы жеті жылда әкесі және өгей шешесімен бірге тұрған. Баланың туған анасы күйеуімен ажырасқан соң, басқа ауданға көшіп кеткен. Кейін ол Нұрсұлтанмен бірнеше жыл хабарласпаған.

«Менің жеке үйім болған жоқ. Сондықтан балаларды әкесімен қалдырдым. Кейін балама (Нұрсұлтан Назарбаевқа – автор) мені өлді деп айтыпты. Содан соң ұлым қорықпас үшін мен келген жоқпын. Ол ержеткен соң, арамыздағы байланысты жақсарттық. Бірақ сирек кездестік. Алайда ол маған оны өгей анасы ренжітіп жүргенін айтты», - деді өлген жасөспірімнің анасы Кәмшат Қажақова.

Оның айтуынша, ол баласына келуі үшін әдейі ақша жинапты. Бірақ тиісті қаражатты жинап болған кезде, ұлы өліп қалған. Өгей анасы сарайда ұлына 20 рет пышақ тыққан.

«Ол менің ұлымды жеті жыл қинады. Сондықтан ол да жоқ дегенде жеті жыл түрмеде отыруы шарт. Оның артында төрт баласы қалды. Ол ұлымды өлтірмес бұрын, өзінің балаларын ойлау керек еді», - дейді Кәмшат Қажақова.

Сот үкімі шығуы үшін судья әлі бернеше сот отырысын өткізуі қажет. Судьяның қандай шешім шығаратыны кейін белгілі болмақ.