Қылмыс

Ұлын 11 рет балталап өлтірген зейнеткер өзіне ату жазасын сұраған

  • https://asiaplustj.info/

    https://asiaplustj.info/

Қостанайда 74 жастағы зейнеткер Вячеслав Грековтің ісі қаралды. Мамандандырылған қылмыстық соттың судьясы шығарылған үкімді қатты дауыстап оқыды. Өйткені сотталушы нашар естиді. Express Qazaqstan оқиғаның мән-жайына үңіліп көрді.

 

Оқиға зейнеткер күзетші болып жұмыс істеген кәсіпорында болған. 30 жастағы Василий Скиданенко 26 маусым күні кешке ақша сұрай барыпты. Әкесі ешқандай көмек бере алмайтынын, кетуін өтінеді. Сыра ішіп алған ұлы сол жердегі еденге ұйықтай кетіпті. Жанжал таңертең басталған. Скиданенко ұйқыдан оятқан әкесіне қол жұмсап, балағаттап тастаған.

 

Жаға жыртысу кезінде Скидоненко Грековты бетінен ұрып, әдепсіз сөйлеген, қорқытқан. Аздап ұрттаған әрі ашуға булыққан әкесі сырттан қолына балта алып кіреді, — деді судья Алтынай Сағындықова.

 

Еденде жатқан ұлы оған балағат сөздер айтып жатқан. Кенет Греков Скидоненконы балтамен ұрып қалады. Кіріп-шығып жүріп қайта-қайта ұрғылайды. Барлығы 11 рет соққы жасаған. Жас жігіт сол жерде көз жұмады.

 

Полицияны қарияның өзі шақырған. Сотта да айыптауға ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Ол тіпті алғашқы отырыстарда өзіне ату жазасын тағайындауды сұраған еді.

 

Сот айыпталушының кінәні мойындауы мен өкінуін қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін себеп ретінде атап өтті. Сонымен қатар, ол жұмыста оғаш қылық көрсетпеген. Бұған қоса, жасы да ескерілді.

 

Сөйтіп зейнеткер 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Марқұмның әпкесі әкесінен (сотталушыдан) моральдық залалды өтеу ретінде 1 миллион теңге талап еткен. Сот оны қанағаттандырды.

 

Үкімге 15 тәулік ішінде шағым жасалуы мүмкін.

 

 

 

 




Көрілген: 2287    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 10:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31