Қылмыс

Ұрланған ақшаға көлік алған: Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды

  • © Sputnik / Алексей Вовк

    © Sputnik / Алексей Вовк

Шымкент қаласының тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.


Бұрын хабарланғандай, осы жылдың 18 маусымында Шымкент қаласында өртенген үйден жергілікті тұрғынның мәйіті табылды.


"2019 жылдың 29 шілдесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғынын өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Қаскүнем ауыр қылмыс жасағаннан кейін құны 1 100 000 теңгеден асатын алтын бұйымдар мен ақшаны ұрлап, тұрғын үйді өртеп, қылмыс орнынан бой тасалаған.


Полиция қызметкерлері қаскүнемнің ұрланған ақшаға автокөлік сатып алғанын анықтады.


Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру", 192-бабы "Қарақшылық" және 202-бабы "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


2019 жылдың 1 тамызында Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолданды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.


Sputnik


 




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 16:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31