Қылмыс

Үш дүркін чемпионның өлімі

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстанның 3 дүркін чемпионы Дәулет Хайролланың өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына С.Ж.Садуовқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Қаруды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», «Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу», «Адам өлтіру», «Бұзақылық ниетпен екі немесе одан да көп адамды өлтіру» баптары бойынша қылмыстық іс түсті.

 

«Айыптау актісіне сәйкес, Садуов атыс қаруын заңсыз алып жүрген, тасымалдаған және сақтаған. Сонымен қатар, биылғы 4 ақпан күні түсініспеушілік салдарынан Садуов алкогольдік мас күйде атыс қаруынан Ж.-ға оқ атқан, Ж. атылған оқтан құтыла алған. Артынша, Садуов жәбірленуші Х.-ға қаруды бағыттап, екінші рет оқ атқан. Келтірілген дене жарақатынан соңғысы қаза болды. Қылмыстық іс алдын ала тыңдау сатысында», - деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.

 

Бүгін каратэден Қазақстан кубогының үш дүркін чемпионы, марқұм Дәулет Хайролланың туған-туыстары сот алдына жиналып, бір емес, бірнеше күдіктінің іске жауапты екенін айтты.

 

«Ол жерде бір емес, бірнеше күдікті бар. Сондықтан біз істі қайта тергеуге жіберіп, қылмыс жан-жақты қайта қаралса дейміз. Бәрін жауапқа тартуды сұраймыз. Куәгерлердің айтуынша, күдіктіні қайрамағанда ол оқ атпас еді. Жан-жағындағылар «ат, ат!» деп айтқан екен», - деді Дәулет Хайролланың апасы Жадыра Айжанова.

 

 

 

 




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 18:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31