Қылмыс

Үш жыл бойы ақша жинаған шенеуніктің қылмысы ашылды – видео

  • Үш жыл бойы ақша жинаған шенеуніктің қылмысы ашылды – видео

    Үш жыл бойы ақша жинаған шенеуніктің қылмысы ашылды – видео

Күдікті жеке тұлғаларға жалған есепшоттар беретін коммерциялық ұйымдарды тіркеу арқылы ірі бизнес нысандарына салықтан жалтаруға жағдай жасаған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі салықтық бақылау бөлімінің басшысын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

1-ші департаменттің аға тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті жеке тұлғаларға жалған есепшоттар беретін коммерциялық ұйымдарды тіркеу арқылы ірі бизнес нысандарына салықтан жалтаруға жағдай жасаған. Сөйтіп, кәсіпкерлерден үш жыл бойы ақша алып отырған.

"Ол 2017 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың сәуірі аралығында аталған тұлғалардан жалған мәмілелер сомасының 5-7 проценті көлемінде ақшалай қаражат алып отырған. Соның салдарынан мемлекетке 116,3 миллион теңге көлемінде салықтан жалтару түрінде материалдық шығын келген", - деді Баржақсынов онлайн брифингте.

Агенттік қызметкерлері бөлім басшысын ұстау операциясының видеосын жариялады.

 

 




Көрілген: 768    Пікірлер: 0

сенбі, 18.07.2020, 00:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30