Қылмыс

Үш жыл ішінде 5 мыңнан астам көлік ұрланып, жартысынан астамы табылмаған

  • Үш жыл ішінде 5 мыңнан астам көлік ұрланып, жартысынан астамы табылмаған

    Үш жыл ішінде 5 мыңнан астам көлік ұрланып, жартысынан астамы табылмаған

2020 жылдың соңғы 2 жылы ішінде Қазақстанда 5132 көлік ұрланып, соның тек 1922-сі иесіне қайтарылған. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Ерсұлтан Бектұрғанов вице-премьер Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында айтты.  

«Сіздің атыңызға сауал жолдауымызға көлік ұрлығынан жәбір көрген азаматтарымыздың өтініші себеп болып отыр. Жалпы, автокөліктің ұрлануы және оның табылмауы кез келген жәбірленушінің отбасы үшін ауыр тиеді. Көп азамат үшін автокөлік тек қана қозғалыс құралы ғана емес, отбасын асырайтын табыс көзіне айналған», - деп атап өтті депутат.

Депутаттық сауалдағы мәлімет:

2018 жылы &ndash 1909 автокөлік ұрланған, 1013-і иесіне қайтарылған;

2019 жылы &ndash 1490 автокөлік ұрланған, 671-сі иесіне қайтарылған;

2020 жылдың 8 айында &ndash 1733 автокөлік ұрланып, 238-і иесіне қайтарылған.
Деректерге сәйкес, соңғы екі жылда және 2020 жылдың сегіз айында Қазақстанда екі реттік санаққа қойылған көліктердің саны 2,3 млн-нан асады, оның ішінде:

2018 жылы &ndash 628 282 көлік;

2019 жылы &ndash 1 028 452 көлік;

2020 жылдың 8 айы &ndash 669 086 көлік.
Статистикадан көрсетілгендей, ұрланған көліктердің табылуы жылдан жылға азайып барады. Депутаттың айтуынша, ұрланған көліктердің табылмауының тағы бір себебі &ndash автокөлік құралдарын екінші реттік есепке алу немесе шешу кезінде автокөліктің шанағы мен қозғалтқышының нөмірлік белгілеріне визуалды тексеру жүргізуді алып тастау болып отыр.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан




Көрілген: 355    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.10.2020, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30