Қылмыс

Үштөбеде тоңазытқыштан екі жасар баланың денесі табылды: анасы ұсталды

  • Үштөбеде тоңазытқыштан екі жасар баланың денесі табылды: анасы ұсталды

    Үштөбеде тоңазытқыштан екі жасар баланың денесі табылды: анасы ұсталды

Баланың әкесімен ажырасып кеткен. Ол басқа елде тұрады. Күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды
Полиция ұлын өлтіргенін мойындаған Үштөбе тұрғынын ұстады. Баланың денесі мұздатқыштан табылды.

 Полицияға баланың тәтесі жүгінген. Оның айтуынша, баланы шілдеден бері көрмеген. Ал анасы сәбиді Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтқан, алайда үйіне кіргізбеген. Бұл жерде шикілік бар екенін сезген әйел баланың анасы үйде жоқ кезде терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың денесін тапты, деп хабарлады Polisia.kz

Содан кейін полиция күдіктіні іздеп, біраз уақыт өткен соң Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ұлын өлтіргенін мойындады.

Оның айтуынша, баланың әкесімен ажырасып кеткен. Ол басқа елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі ("жас баланы өлтіру"( бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді. Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады. 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру не мүлкін тәркілеп бас бостандығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылған.

 




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30