Қылмыс

Үштөбеде ұйқыға жатқан келіншекті екі адам жабылып зорлаған

  • https://www.bbc.com/

    https://www.bbc.com/

Алматы облысындағы Үштөбе қаласында 33 жастағы әйелді ұрып-соғып, зорлады деп айыпталған екі адамға қатысты сот процесі аяқталды.

 

"НеМолчиKz"қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында сот үкімі шыққанын хабарлады. Қор өкілдері барлық сот отырысына қатысқан.

 

Қылмыс 2020 жылдың қазан айында жасалған. Ішімдікке сылқия тойып алған екі ер адам түнде ұйықтап жатқан жас келіншектің үйіне баса-көктеп кіріп, зорлаған. Әйел өзін қорғауға тырысып, зорлаушылардың екеуіне де пышақпен жеңіл жарақат салған, деп атап өтті Дина Таңсәрі. Нәтижесінде жалаңаш үйден қашып шығып, туыстарынан көмек сұраған.    

 

Полиция күдіктілерді ұстап, Қылмыстық кодекстің 120-бабы екінші бөлігі (Зорлау) және 121-бабы бірінші бөлігі (Сексуалдық сипатта күш қолдану) бойынша тергеу жүргізді.

 

"Екеуі де кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Бірақ іс бойынша жиналған дәлелдерді ескере отырып, сот айыпталушылардың бірін 9 жыл 6 айға, екіншісін 10 жылға бас бостандығынан айырды", - деп хабарлады Қаратал аудандық сотының баспасөз қызметі.

 

Прокурор сотталушыларды 10 және 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот жазаны жеңілдететін кейбір жағдайларды ескерді (бірінің қарауында жас балалары бар болып шықты).

 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. 

 

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 3709    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31