Қылмыс

Үй алмақ болған өңір тұрғындары елордалық алаяққа алданды

  • Үй алмақ болған өңір тұрғындары елордалық алаяққа алданды

    Үй алмақ болған өңір тұрғындары елордалық алаяққа алданды

 Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны пәтер алуға көмектесуге уәде етіп, петропавлдықты 5 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаскөйдің әрекетінен Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындары зардап шеккен, оның ішінде үш петропавлдық та бар. Алаяқ сүрілуі тиіс ескі үйлердің иелерімен байланысқа шығып, оларға жаңа салынып жатқан үйлерден пәтер алуға көмектесуге уәде берген. Ол үшін бастапқы жарна салу қажеттігін және «қол ұшын бергеніне» сыйақы беретіндіктерін айтқан. Осылайша, петропавлдықтардың бірі 5 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Оны астаналық полицейлер қолға түсірді. Петропавлдық тәртіп сақшылары тіркелген эпизодтар бойынша материалдарды әріптестеріне табыс етті. «Қазіргі уақытта алаяқтар интернет арқылы өз ойларын жүзеге асырады. Олар алдап алған мәлімет арқылы қашықтан банк шотындағы ақшаны олжалайды. Көбінесе, тұрғын үйді тиімді сату-сатып алуға, қажетті құжаттарды жасауға «көмектесуге» немесе ақшаны айналымға жіберуге уәде береді. Алаяқтар өз құрбандарының сеніміне кіріп, қызмет алуды тездету үшін ақша талап етеді. Адамдарды аса сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге, бөгде біреулерге ақша аудармас бұрын мұқият тексеруге шақырамыз», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері 189 алаяқтықты ашты.

inform.kz




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 00:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31