Қылмыс

"Үйленген, екі баласы бар": Таразда 9 жасар қызды зорлаған педофил қолға түсті

  • "Үйленген, екі баласы бар": Таразда 9 жасар қызды зорлаған педофил қолға түсті


Тараз қаласының 24 жастағы тұрғыны Қылмыстық кодекстің 124 бабы, 1 бөлігі бойынша (Кәмелет жасына толмағандарға азғындық әрекет жасау) күдікке ілініп, тұтқынға алынды. Оның тоғыз жасар қызға тиіскені туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


 

 

педоф

Фото: Facebook, коллаж: NUR.KZ


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Полиция бастығының Facebook-те жариялаған мәліметінше, оқиға 24 қыркүйек күні сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының бірінде болған.


Көпқабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйінде 9 жасар қызға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған.


Аталған дерек бойынша Тараз қаласының Полиция басқармасымен Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Қылмысты ашуға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.


"Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 24 жастағы тұрғын ұсталып, өз кінәсін толығымен мойындады.


Ол үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ «педофил» санаты бойынша есепте тұрмайды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - деп мәлімдеді Арман Оразалиев.

Полиция департаменті ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді.


 



 



 


 




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.09.2019, 19:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31