Қылмыс

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

  • Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

    Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

ІІМ мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-нің арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, Алматы қаласының, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне жол бермеу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу жөніндегі арнайы операцияның барысын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үйлестірді.

ҰҚТ-ның (ұйымдасқан қылмыстық топ) 28 қатысушысының 16-сы қамауға алынды. Тінту кезінде 53 нысаннан қару-жарақ пен оқ-дәрілер, бақылауға арналған арнайы техника табылды. Бұл топ көбінесе елдің оңтүстік аймағында жұмыс істегені анықталды. 

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҰҚТ көшбасшылары - Б. және Ж. азаматтар тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны белгілі болды. Қаскүнемдер елдің оңтүстігінде 15 ауыр және аса ауыр қылмыс жасады. Топ жасаған қылмыстарға қарақшылық шабуыл, кәсіпкерлерге қару қолдану арқылы бопсалау, сондай-ақ бұзақылық және қаруды заңсыз сақтау кіреді. Бұл қылмыстық топта иерархия, көшбасшыларға сөзсіз бағыну және қастандық шаралары қатаң сақталды. Қазіргі уақытта айыпталушыларға қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды, – деп хабарлады полиция ведомствосы.


BAQ.KZ




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.09.2021, 08:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31