Ұзынағаштағы атыс: бір адам қаза тауып, екеуі жараланды

05 тамыз 2022, 18:02

Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы өңірлік ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Белгілі болғандай, 4 тамыз күні сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

 

«Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды», - делінген хабарламада.