Қылмыс

Вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

  • Вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

    Вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

Қазақстанда вакцинация паспортын қолдан жасау дерегі бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Қазақстанда ПТР-сынама нәтижелерін қолдан жасаудың 35 дерегі, жалған ПТР-анықтаманы пайдалану бойынша 16 факт анықталды. Төлқұжатты қолдан жасау дерегі бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Жалған вакцинация паспортын пайдалану дерегі бойынша әлі де тексеріс жүріп жатыр", - делінген ІІМ жауабында.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде вакцинация паспортын сатып алған және коронавируспен реанимацияға түскен қазақстандықтың жағдайы туралы хабарланған болатын. Ер адам жағдайы ауырлаған кезде заңды бұзғанын мойындаған.

 
ІІМ бұл факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, мұндай әрекет үшін жауапкершілік ҚР ҚК-ның 385-бабында ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") көзделген.

Бап санкциялары 2 000 АЕК-ке (5,8 миллион теңге. - ескерт.) дейінгі айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды көздейді.

Егер заң бұзу дерегі бір жыл ішінде қайталанса, сондай-ақ вакцинация паспортын қолдан жасау әрекетін адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жүзеге асырса, айыппұл 4 000 АЕК-ке дейін өседі, ал бұл 11,6 миллион теңге. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларды 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

Жалған вакцинация паспортын қолданушыларға 160 АЕК (шамамен 467 мың теңге. - ескерт.) көлемінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға құқығы бар.




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 09:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30