Қылмыс

«Ырғыз-Торғай» табиғи резерватының 7 инспекторы киік атқаны үшін істі болды

  • © 24.kz

    © 24.kz

Табиғатты қорғау міндеті жүктелген азаматтардың кейде заң бұзып, қоршаған ортаға шығын келтіріп жатқаны жиі тіркеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».


Мәселен, «Ырғыз-Торғай» табиғи резерватының 7 бірдей инспекторы бір жыл ішінде істі болды. Киіктерді көздің қарашығындай сақтау тапсырылғанымен, олар Қызыл кітапқа енген ен даланың аңын аяусыз қырған.


Осыған орай құзырлы орган өкілдері сақшыларға жауапкершілікті күшейту керектігін тағы бір мәрте еске салды.


«Охотзоопром» мекемесінің өңірлік филиалы инспекторларына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары дәріс оқыды. Кездесу барысында мемлекеттік жемқорлыққа қарсы стратегия сөз болды.


Олардың айтуынша, табиғатты қорғау саласында көз қысты, бармақ басты әрекеттерге итермелейтін факторлар бар. Дегенмен қолға алынған шаралар ақбөкендер санының өсуіне жағдай жасап отыр.


Сәбит Дүйсекенов, «Охотзоопром» РМҚК Ақтөбе облыстық филиалы директоры:


– Биылғы жылдың есебі бойынша Үстүрт даласының киігі мың жарым басқа артқандығы байқалады. Өткен жылы 3 700 болса, соңғы санақ Шалқар, Байғанин және Бейнеу аудандарында 5 мыңға жуық ақбөкен мекендейтінін көрсетті. Сәйкесінше қорғау жұмыстарына қосымша жедел топ та алдырғанбыз. Жаңадан қосылған қызметкерлерімізбен де жемқорлықтың алдын алу туралы ақпаратпен бөлістік.




 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 12:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31